18 қараша күні сағат 10:00-де Құрылтай отырысы өтеді. Депутаттар бірінші оқылымда онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын және оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ілеспе түзетулерді қарайды. Екінші оқылымда 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы қаралады. Сондай-ақ күн тәртібіне Қазақстан мен Сингапур арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді және Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасындағы цифрлық экономика саласындағы әріптестік туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобалары енгізілді. Бұдан бөлек, депутаттар Конституциялық Соттың «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» жолдауы жөніндегі ақпаратты тыңдап, I шақырылымдағы Құрылтай жанынан Жастар кеңесін құру мәселесін қарайды. 📢📢Тікелей эфирді Құрылтайдың ресми quryltai.kz сайтынан және YouTube арнасынан, Facebook парақшасынан, сондай-ақ республикалық 24KZ және Jibek Joly телеарналарынан көре аласыздар. 🤩Отырыс қорытындысы бойынша онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелеріне қатысты заңнамалық түзетулер жөнінде БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізу жоспарланып отыр. Спикерлер – Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев, Құрылтай депутаттары Жанарбек Әшімжанов (жұмыс тобының жетекшісі) және Александр Данилов. Жаңалықтарды әлеуметтік желілердегі парақшаларымыздан қарай жүріңіздер. __ 18 ноября в 10:00 состоится заседание Курултая. Депутаты рассмотрят в первом чтении проект изменений и дополнений по вопросам онлайн-платформ и масс-медиа с сопутствующим пакетом поправок в Кодекс об административных правонарушениях. Во втором чтении будет рассмотрен законопроект о республиканском бюджете на 2027-2029 годы. На рассмотрение также выносятся проекты ратификации Соглашения между Казахстаном и Сингапуром о взаимной правовой помощи по уголовным делам, а также Соглашения о партнерстве в области цифровой экономики между странами-членами Организации тюркских государств. Кроме того, планируется заслушать информацию о послании Конституционного Суда «О состоянии конституционной законности в Республике Казахстан» и рассмотреть вопрос о создании Молодежного совета при Курултае I созыва. 📢📢Смотрите прямую трансляцию заседания на официальном сайте quryltai.kz, YouTube-канале и Facebook-аккаунте Курултая, а также в эфире республиканских телеканалов 24KZ и Jibek Joly. 🤩По итогам заседания планируется проведение брифинга для СМИ по поправкам по вопросам онлайн-платформ и масс-медиа. Спикеры – министр культуры и информации Арман Кырыкбаев, депутаты Курултая Жанарбек Ашимжанов (руководитель рабочей группы) и Александр Данилов. Следите за обновлениями на наших страницах в социальных сетях. t.me/quryltairesmi
Рассмотрение законопроектов и обсуждение текущих социально-экономических вопросов на заседаниях органов власти
Похожие посты
- 🔥 1
- 😢 1
- 🤨 2